Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Туберкулездің алдын алу

Дүниежүзілік туберкулездің алдын алу айлығы аясында №11 қалалық емханада туберкулезге қарсы күрес күніне орай  Жетісу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің маманы К. С. Джуруновамен бірлесіп «Туберкулезсіз өмір» тақырыбында Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты  туберкулез туралы халықтың хабардарлығын арттыру, туберкулездің алғашқы белгілері анықталған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажеттілігі, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Бұл күні фтизиатр дәрігерлер тәуекел тобындағы 21 пациенттерге, диспансерлік есепте тұрған пациенттерге, сондай-ақ туберкулездің алдын алу мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық келушілерге кеңес берді. Айлықтың ішінде емханаға туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша бейнероликтер көрсетілді, СӨС дәрігері емхана аумағында орналасқан мектептер мен ұйымдарда әңгімелесулер, дәрістер өткізді. Барлық келушілерге туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық – білім беру материалдары таратылды.