Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Құрметті пациенттер!

Қазақсатн Республикасының 2020 жылғы 7 шілдесіндегі № 360-VI «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің негізінде №11 Қалалық емханада Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) қызметі құрылған.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеті ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қолдау көрсету болып табылады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДА ҮЙЛЕСТІРЕДІ:

  • Пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) «Осында және қазір» қағидаты бойынша туындаған жерінде шешу және жеке және заңды тұлға жүгінген кезде пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін олардың сауалнамасы арқылы зерттеумен шағымды қарау өтінішті алған күннен бастап жиырма жұмыс күнін алады;
  • Пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің белгіленген денсаулық сақтау стандарттарына сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмек көрсету ережелерін сақтау.
  • Жұмыстағы ақауларды алдын алуға және жоюға және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

  • Егер көрсетілген медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса;
  • Медициналық қызметкердің өрескелдік таныту оқиғасы орын алған болса;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері үшін ақшалай қаражат бопсалау деректеріне куә болсаңыз;
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзған жағдайда (Қабылдауға жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, Медициналық ұйымға тіркеу, Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру, Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, Науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру стационарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, Трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) өмір бойына ерікті түрде беруге келісімді немесе бас тартуды ресімдеу келісімін беру, Санаториялық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытынды беру), сондай-ақ Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

  • ШЖҚ «№11 ҚЕ» КМК call орталығы 310 88 11
  • Бірыңғай call орталық 3000-505
  • ПҚжәнеІБҚ 8(727) 252 57 64
  • WhatsApp – 8 708 532 16 06