Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

№11 қалалық емханада Ризашылық күні өтті

1-ші наурыз еліміздегі ең ірі партияларының бірі «Нұр Отан» партиясының құрылған күні, биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл толып отыр. 1999 жылы 1 наурызда «Отан» партиясы құрылған болатын. Партияның қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың есiмiмен тығыз байланысты. Партияның I құрылтай съезiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланды. Елбасының кемеңгер басшылығының арқасында партия елiмiздегi жетекшi саяси күшке айналды. Партия елiмiздiң дамып, өркендеуi, болашағымыз баянды болуы үшiн мемлекеттiң саясатын халықпен бiрге, халықтың арасында насихаттау, халықтың күш-жiгерiн бiр арнаға тоғыстыру, бiр мүддеге бiрiктiру үшiн жұмыс iстеп келедi. Бігінгі күні аталған партияда емхана қызметкерлерінің 172 мүшесі бар.

Сонымен қатар көктемнің алғашқы күні, наурыздың 1-ші жұлдызында № 11-ші қалалық емханада Ризашылық күні атап өткізілді. Емханада Ризашылық күніне орай емхана ашылған күнінен бастап, яғни 1988ж осы күнге дейін емханада жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен «Нұр Отан» партиясының алғашқы мүшелерін құттықтау үшін салтанатты жиналыс өткізіліп, аталған жиында емхананың бас дәрігері Жүнісова Майра Әскербекқызы қызметкерлерге алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Марапатталған қызметкерлер:

  • Нұрмуханбетова Гүлнар Кенжеевна
  • Капанова Жанар Каримовна
  • Сахарбаева Алмагүл Қуатбаевна
  • Бекмұратова Бағымкүл Нағашыбаевна
  • Құдайбергенова Рауза Зайнадиновна
  • Чадова Таисия Григорьевна

Жоғарыда аталған іс-шараларға байланысты емханада Есік ашық күні өткізіліп, ризашылық күніне орай алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлерімен емханаға келушілерді салтанатты түрде қарсы алу іс-шарасы өткізіліп, тұрғындардың арнайы мамандардан медициналық кеңес алуларына мүмкіндіктер жасалды. Аталған іс-шарамен 125 адам қамтылып, емханаға келген тұрғындар медицина қызметкерлеріне өз ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдірді.