«Қала күніне» орай өткізілген іс-шаралар
2026 жылғы 18 қыркүйекте «№11 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Алматы қаласының күніне орайластырылған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара аясында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мамандардың консультациялары ұйымдастырылды. Тұрғындарға денсаулықты сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Іс-шараға қатысушылар кардиолог, эндокринолог, невролог, хирург және уролог дәрігерлерінен кеңес алып, электрокардиографиядан (ЭКГ), ультрадыбыстық зерттеуден (УДЗ), сондай-ақ қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтауға арналған экспресс-талдаулардан өте алды.
Медициналық көрсетілімдер бойынша пациенттерге компьютерлік томография (КТ) зерттеулері жүргізілді.
Ашық есік күнін өткізу халықтың аурулардың алдын алу, медициналық көмекке уақтылы жүгіну және денсаулық жағдайын тұрақты бақылау қажеттілігі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.










