Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Алматыда дәрігерлер менингококк жұқпасы туралы үй-үйді аралап түсіндіруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда менингококк жұқпасымен ауруханалар күресіп жатса, емхана қызметкерлері ақпараттық жұмыспен белсенді айналысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Емхана дәрігерлері ХҚКО, базарлар, мешіттер, әскери бөлімдер, білім беру ошақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде №11 емхананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері адам көп шоғырланған жерлерді аралап жүр. «Мамандар негізінен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсіндіріп жатыр. Біз сәуір айынан бері 8 балабақшада, 6 мектепте, 2 мешітте, барлығы 36 ұйымда болдық. Бұл жұмыстарға барлығы 28 дәрігер жұмылдырылған. Одан бөлек медбикелер, психологтар, әлеуметтік мамандар барады. Арнайы жаднамаларда барлық қызметтің телефондары, менің жеке нөмірім де ілініп тұр», – деді №11 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Амурказинова Айнаш.

Сондай-ақ, оның айтуынша, емхананың 2 дәрігері аптасына 1 рет жұқпалы ауруханалар ауруханасында 12 сағат кезекшілік етеді.

Айта кету керек, Жетісу аудандық медициналық ұжымға 2 емхана, 3 медициналық ұйым кіреді. Аталған ұжым бойынша эпидемиологтар белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Біздің мамандар 4 мешітті, 10 мектепті, 14 балабақшаны, 3 жатақхананы аралады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде 367 жазба жарияланды. Менингококк жұқпасынан сақтану туралы профилактикалық видео аудандағы 40 мониторда күні бойы көрсетіліп тұрады. Аулаларды аралап 501 жаднама таратылды», – деді эпидемиолог-дәрігер Оспанова Райхан.

Айта кету керек, республика бойынша қазіргі таңда менингококк жұқпасына 59 адамның шалдыққаны анықталды. Елімізде биыл жыл басынан бері 13 адам қайтыс болды. Фото: Руслана Канабекова

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatyda-darigerler-meningokokk-zhukpasy-turaly-uy-uydi-aralap-tusindirude_a3278397