Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАРСЫ БІРГЕМІЗ

Дүние жүзіндегі әйелдер арасында ең көп таралған ауру — сүт безі қатерлі ісігі. Бұл әйелдер арасындағы барлық қатерлі ісік ауруларының 16% құрайды.

Қазақстан Республикасында сүт безі қатерлі ісігі әйелдердегі неоплазмалар құрылымында бірінші орында тұр.

Егер сүт безі қатерлі ісігі ерте анықталса, оны жоғары ықтималдықпен емдеуге болады. Алайда, егер кеш анықталса, қатерлі ісікті емдеу көбінесе тиімсіз болады.
Ерте диагностика және уақтылы емдеу әйелдің денсаулығын сақтаудың кепілі болып табылады.

Сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында 2023 жылғы 13 қазанда № 11 Қалалық емхана базасында сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтті.

Барлық тіркелген пациенттер алдын ала жазылусыз және жолдамасыз маммологтың, онкологтың кеңесін алды және тексеруден өтті (ультрадыбыстық, маммография).
Алдын алу бөлімі қызметкерлері емханаға келушілермен сүт безі обырының алдын алу жолдары жайында түсіндірме әңгімелер өткізді, ИОМ таратылды.