Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

М. Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте

«Иммундаудағы кемшіліктерді жою» тақырыбымен иммундаудың Европалық апталығын өткізді

25.04.2016ж. «Иммундаудағы кемшіліктерді жою» тақырыбының аясында 6 «А» сынып оқушыларының биімен 1-11 сынып оқушылар арасында спорттық іс-шара флешмоб өткізілді. Флешмобқа барлық оқушылар галстук тағып, арнайы бас киім киіп, лозунг, плакаттар жазып қатысты.
Барлық сыныптар иммунизациялауға байланысты плакаттар шығарды. Әр сыныпқа сынып жетекшілер адамның иммундық жүйесі, иммундық жүйенің әлсіреу себеп –салдарлары, оны нығайту жолдары, адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы толық әңгіме өткізіп, қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Иммундық жүйе, оның қызметі, әлсіреуінің тигізер зияны туралы бейнефильм 5-9 сынып оқушылар арасында көрсетілді. «Иммундаудағы кемшіліктерді жою» тақырыбында 6-7 сыныптарда сурет көрмесі өтті.
«Иммундаудағы кемшіліктерді жою» тақырыбында кітапханада кітаптар көрмесін мектеп кітапханашысы ұйымдастырды.