Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты жиын өтті

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты жиын өтті

Мерекелік іс-шараны Түрксіб аудандық билер кеңесінің төрағасы – Ахметов Жаханша Ахметұлы ақсақал ұжымымызды құттықтап, сөз сөйлеп ашты.

Аурухананың бірқатар қызметкерлері «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының жауапты хатшысының атынан Алғыс хатқа ие болды.

«Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен күйік бөлімшесінің меңгерушісі Биконуров Нұржан Омарұлы марапатталса, Умаркулова Анжела Серікқызы Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Бас дәрігер Досмаилов Біржан Серікбекұлының Алғыс хаттымен №4 қалалық клиникалық ауруханасында орналасқан кафедра меңгерушілері мен аурухананың клиникалық бөлімшелерінің бірқатар қызметкері марапатталды.

Сондай-ақ №4 Қалалық клиникалық аурухана ұжымына Алматы қаласы Түрксіб және Жетісу аудандары әкімдерінің атынан құттықтаулар жолданды.

Қызметкерлерге жергілікті «Медик» кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары да табыс етілді.

Құттықтауларға отандық шоубиз өкілдері: эстрада әншісі Ернар Айдар мен «А-элита» дуэті қосылды.

Дәрігер – ең асыл, ең құрметті мамандықтың бірі. Дәрігер еңбегінің негізі: кәсіпқойлық, сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық. Бұл кәсіпте адам өмірі мен денсаулығы үшін күресуге күш-жігерін де, уақытын да аямайтындар ғана қалады.
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!