Сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Дәріс барысында медицина қызметкерлеріне сүт безі обырының дамуының негізгі қауіп факторлары, аурудың клиникалық белгілері, ерте диагностикалау және скрининг әдістері туралы ақпарат берілді. Күдікті өзгерістерді уақтылы анықтауға, пациенттерді тиісті медициналық ұйымдарға жолдау тәртібіне және медицина қызметкерлерінің онкологиялық сақтығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар «Сүт безі обыры: профилактика, ерте анықтау және емдеу» тақырыбында Денсаулық мектебі өткізілді.
Сабақ барысында сүт бездерін жүйелі түрде өзін-өзі тексерудің, өзгерістер анықталған жағдайда дәрігерге уақтылы қаралудың, сондай-ақ ұсынылған скринингтік тексерулерден өтудің маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әйелдер арасында, оның ішінде жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер арасында жүргізілді. Сүт безі ауруларының алдын алу, алаңдатарлық белгілерді анықтау және медициналық көмекке уақтылы жүгіну мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.






