Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Шарын шатқалындағы сел жүрген кезде зардап шеккен екі адам стационардан шығарылды

Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Жедел жәрдем бригадасының сүйемелдеуімен 23 жастағы Мадина 29 мамырда жеткізілді. «Мен сол экскурсияда гид болдым. Шарын шатқалындағы сел көшкіні кезінде 4 оқушымен бірге сел тасқынына түсіп, сол кезде жарақат алдым. Алғашқы сағаттар жарақат сезінбеді, маған балаларды автобусқа жинау, қалғандарын табуға көмектесу және ата-аналармен кездесу қажет болды. Ата-аналар балаларды таратып алып кеткеннен кейін, артымнан әпкем келгенде, мен аяғымның ауырсынуын және қатты бас айналуын сезіндім. Бір сәтте есімді жоғалтып, ауруханада ғана өзіме келдім», – деді Мадина.

Туристік автобуспен қызды қалаға алып келіп, содан кейін жедел медициналық жәрдем көлігімен туыстарымен бірге №4 ҚК-ның жарақат пунктіне алып келді.
«Науқас бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, кешенді тексеруден өтілді, құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарады. Бейінді бөлімшеде толық ем-шараларды алып шықты», – деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Ұлжан №199 мектеп-гимназиясы педагогтарының бірі. 29 мамырда ол Шарын шатқалына экскурсияға мектеп оқушылары тобымен бірге барды. Төтенше оқиғаның нәтижесінде мұғалім жабық бас сүйек-ми жарақатын, бас миының шайқалуын, дененің, аяқ-қолдың көптеген жарақаттарын алды. Оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 30 мамырда №4 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінді.
«30 мамырда науқас бейінді бөлімшеге жатқызылып, медициналық көмектің толық көлемін алды.

Шарын каньонында зардап шеккендермен бірге психологтар жұмыс істеді, бүгінде олар тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емделуге жақсартылып шығарылды», – деп түйіндеді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.