Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Таза және жасыл Алматы

22 сәуірде №11 Қалалық емхананың қызметкерлері Almaty Clean & Green жалпықалалық кең ауқымды экологиялық акциясына қатысты. Емхана пациенттерін абаттандыру және жайлы болу мақсатында бүгін емхана қызметкерлері бірнеше сағат ішінде ұйым объектілерінің іргелес аумақтарын ретке келтірді: көгалдардан қоқыстарды және жапырақтарды  алып тастады, учаскелерді сыпырды, арық желілерін тазалады және т.б. Емхананың аумағы тартымды болып көрінді, ал сенбілік ұйымдасқан түрде өтті. Акцияға қатысушылар мұндай жұмыс халықтың экологиялық мәдениетін дамыту үшін жақсы ынталандыру және жастар үшін үлгі болып табылатынына сенімді.