Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

«Өз қуанышыңмен бөліс!» асфальтта сурет салу байқауы

01. 06.2016 жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі баллардың қатысуымен «Өз қуанышыңмен бөліс!» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді. Шығармашылық балалардың талантын,өзін-өзі танытуын, өз уақытын қызықты, көңілді және ұйымшылдықпен өткізуін , суреттерінде бейбітшілік, мейірімділік ,махаббат сезімдерін білдіреді.

Барлық байқауға қатысушыға түрлі-түсті бор үлестіріліп берілді.Белгі берілген кезде барлық балалар бірден үлкен шабытпен асфальтқа сурет сала бастады.Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды. Асфальтта –диназаврлар, үйлер,автобустар, ағаштар мен гүлдер, басқа планета адамдарының суреттері пайда бола бастады. Әр сурет жүлделі бірінші орын алды, барлық қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді.