Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

№11 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДЕНСАУЛЫҚТАРЫНА МӘН БЕРУГЕ, АҒЗАСЫН КҮТІП, ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫН ҰМЫТПАУҒА ШАҚЫРДЫ

Алдын алу және психологиялық көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері.С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интерндерімен бірге No118, №87 мектептерінің 9-10-11 сынып оқушыларымен «Жеке бас гигиенасы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Электронды темекінің зияны», «Тұмаудан сақтан» атты тақырыптарда әңгімелесу жүргізді.

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбындағы әңгіме аясында емхана қызметкерлері өз денсаулығын сақтау, өз өміріне және туылмаған баланың өміріне қауіп төндірмеу қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты. Олар ерте ана болу – ана мен бала үшін ауыр сырқаттар мен асқынуларға әкелетінін баса айтты.

Емхана қызметкерлері оқушы қыздарға денсаулықтарына мән беріп, денелерін күтіп, жеке бас гигиенасын ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, олар қажетсіз жүктіліктің алдын алуға көмектесетін контрацепцияның әртүрлі әдістері туралы айтты.

Ерте босануға әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жасөспірімдердің білім деңгейінің төмендігі мен жасөспірімдердің сауаттылығының жеткіліксіздігі.

Сондықтан да, емхана қызметкерлері салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды және жеке бас гигиенасын сақтауды насихаттауда белсенді қызмет атқаруда.

Сұхбат барысында электронды темекі мен тұмаудың зияны туралы да сөз қозғалды. Емхана қызметкерлері электронды темекінің ауыр өкпе және жүрек ауруларына әкелетінін, тұмаудың қауіпті және жұқпалы ауру екенін, оның алдын алу керектігін баса айтты.

Әңгімелесу нәтижесінде оқушы қыздар салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

Бұл сұхбат мектеп оқушыларының денсаулығы мен өмірін ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектесетін нағыз денсаулық сағатына айналды.