Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

«Денсаулық» акциясы

2023 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні психикалық және физикалық денсаулықтың маңыздылығын, сондай-ақ оның уақтылы алдын алу қажеттілігін еске түсіруге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық күні 2023ж  7 сәуірде атап өтіледі. Бұл  халықтың денсаулығына мән беретін  маңызды мереке.

Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған “салауатты сәнді болу” ұлттық бағдарламасы аясында “Денсаулық” акциясы өткізілді, акция аясында барлық ниет білдірушілер кардиолог, эндокринолог, терапевт, психологтан кеңес алды. Алдын алу бөлімінде холестеринді, қантты анықтау үшін қан алу жүргізілді, сонымен қатар көзішілік қысым анықталып, қан қысымы өлшенді. Денсаулық мектептерінде “Денсаулық құпиялары”тақырыбында әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ, кварцтау кезінде ҚазҰМУ С. Д. Асфендияров студенттері ЕДШ нұсқаушысымен және пациенттермен бірге дене шынықтыру сабағын өткізді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер кене шағудың алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Иомаларды таратты.